ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ТӨРТ ТҮЛІК МАЛДЫҢ БАСЫ БІРШАМА ӨСТІ
Қызылорда облысы бойынша үстіміздегі жылдың басынан бері айналымға 33,4 мың га болатын 239 жер учаскесі енгізіліп, өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есеге артқан. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамын» жүзеге асырудағы ауыл шаруашылығына жүктелген міндеттер мен атқарылған жұмыстар тақырыбына арналған брифинг барысында облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысы Бахыт Жақанов хабарлады.
Б.Жақанов айтқандай, Ұлттық экономика министрлігімен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке 50 пайызға жеңілдетілген бағамен және 10 жылға бөліп төлеу арқылы беру механизмі қаралуда. Баяндама барысында басқарма басшысы 35, 36, 60, 61 қадамдар аясында облыс көлемінде сүт және сүт өнімдері өндірісін дамыту, ет өндірісі мен өңдеуді дамыту, «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша атқарылып жатқан және жоспарланған жұмыстармен таныстырды.
«Мал шаруашылығын дамытуға тұрақты түрде қаржылай қолдау көрсетілудің нәтижесінде төрт түлік малдың басы біршама өсіп, өнім өндіру тұрақтанып келеді. Бұл өз кезегінде сүт, ет өнімдерін экспортқа шығаруға септігін тигізеді», - деді Б.Жаханов өз сөзінде.
Айта кетейік, басқарма мәліметі бойынша облыс бойынша 2015 жылдың 1 шілдесіне 280,5 мың бас мүйізді ірі қара, 736,2 мың бас қой мен ешкі, 96,4 мың бас жылқы, 39,9 мың бас түйе, 89,3 мың бас құс өсірілуде. Есепті кезеңде - 14,1 мың тонна ет (тірі салмақта), 36,5 мың тонна сүт (сиыр сүті), 2,1 млн. дана жұмыртқа өндірілді, тиісінше 2014 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда ет 101,7 пайызға, сүт 102,8 пайызға және жұмыртқа 101,1 пайызға артқан.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА