БҮГІН ЕЛІМІЗДІҢ СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ ҚАТТЫ ЖЕЛ ТҰРЫП, БҰРШАҚ ЖАУУЫ ЫҚТИМАЛ
Бүгін солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, жел екпіні күшейеді. Солтүстікте және шығыста кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, Қазақстанның қалған территориясы жауын-шашынсыз болады.
Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Алматы, таңертең және күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе облысының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.