АУА РАЙЫ: ШІЛДЕНІҢ СОҢҒЫ КҮНДЕРІ ЫСТЫҚ БОЛАДЫ
Қазақстанда шілденің соңғы күндері ыстық болады, - деп хабарлайды "Қазгидромет" кәсіпорны. Синоптиктер 30 шілдеден 1 тамызға дейінгі аралықтағы ауа райына арналған болжамды жария етті.
Синоптиктердің мәлімдеуінше, жылдың ең ыстық айы шілде болғандықтан ыстықтың беті әлі қайтпай тұр. Алайда суық атмосфералық фронттар мен олармен бірге Батыс Сібір аудандарынан келген ауа Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарына салқындық пен өткінші жаңбыр әкеледі.
"Алдымыздағы екі тәулікте республикамыздың батыс облыстарының ауа райын анықтайтын антициклон республиканың барлық аймағына таралады. Сондықтан Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіліп отыр. Ауа температурасы батыста қайтадан 30-37, ал орталық және оңтүстіктің кейбір жерлерінде 38-42 градус болады", - дейді мамандар.