ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е.КӨШЕРБАЕВҚА ЖЕДЕЛХАТ
Құрметті Қырымбек Елеуұлы!
Сізге, қызылордалықтарға және Қызылорда облысының әкімдігіне отбасымыздың атынан әкеміз Золотарев Евгений Михайловичтің қайтыс болуына байланысты біздің қайғымызға ортақтасқандарыңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз.Тығыз жұмыс кестесі мен жолдың алыстығына қарамастан әкеміз Золотарев Евгений Михайловичтің жаназасына Украинаның Полтава қаласына Қызылорда облысынан арнайы делегация жібердіңіз. Мұны біз және ағайын-туыстар мен әкеміздің әріптестері ол шын ниетімен қызмет еткен өңірдің басшылығы мен елінің құрметі мен қамқорлығы деп қабылдадық.
Үлкен рахмет!
Құрметпен, Золотаревтар отбасы
Мәлімет үшін:
Золотарев Евгений Михайлович (1936 жылы туылған, Украина, Полтава облысы Карлов ауданы Халтурин кенті) – еңбек ардагері, қайраткер.
Социалистік Еңбек Ері (1972).
Полтава ауыл шаруашылығы институтын (1959),
КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін (1968) бітірген.
1959 жылдан бастап «Новосанжарський» және «Подлесный» кеңшарларында бас мал дәрігері,
Шортанды ауданы «Андреевский» кеңшарында директор (1961 – 63),
Шортанды ауданы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы (1963 – 66),
Целиноград ауданы халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің төрағасы (1968 – 70),
Целиноград аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы (1970 – 85),
Қызылорда облыстық партия комитетінің 2-хатшысы, облыс халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің төрағасы (1985 – 89),
Ақтөбе облыстық халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің төрағасы, облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, облыс халық депутаттары кеңесінің төрағасы (1989 – 93) қызметтерін атқарған.
Екі мәрте ҚКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.