ЕНДІ ҚАЛААРАЛЫҚ АВТОБУС БИЛЕТТЕРІ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕ АРҚЫЛЫ САТЫЛАДЫ
Қазақстанда қалааралық автобустарға электронды билеттер сату жүйесі іске қосылды. Отандық мамандар жасаған жаңа жүйе шілденің 29-ында іске қосылады.
Әзірге компаниямен тек Астана және Өскемен қалаларының автовокзалдары келісім жасасқан. Яғни осы қалалардың жолаушылары арнайы сайт арқылы электронды билет сатып ала алады.
Жобаны іске асыруға технологияларды коммерцияландыру орталығы 18 млн теңге грант бөлген. Жүйе жолаушылар үшін де, тасымалдаушылар үшін де тиімді. Өйткені, осы күнге дейін автобус билеттері тек сапаржай кассаларында бір бағытқа ғана сатылатын.
«Болашақта бұл жүйенің аясын кеңейтіп, еліміздегі барлық тасымалдаушыларды тартуды көздеп отырмыз. Осылайша, жолаушылар бір кассадан немесе ғаламтор арқылы барып-келуіне автобус билеттерін сатып алатын болады», - деді компания маркетологы Константин Зайцев.