«ПРОТОН» ЗЫМЫРАН-ТАСЫҒЫШЫ БАЙҚОҢЫРДАН ТАМЫЗДЫҢ СОҢЫНДА ҰШЫРЫЛУЫ МҮМКІН
Мамыр айындағы апаттан кейін «Протон-М» зымыран-тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет 28 мен 30 тамыз аралығында ұшырылуы мүмкін, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
«Inmarsat-5F3 ғарыш аппараты 28 мен 30 тамыз аралығында ұшырылуы мүмкін. Алайда бұл нақты емес. Ұшыру кестесін алдағы күндері Хруничев орталығы бекітеді», – деді сұхбаттасушы.
Бұған дейін «Роскосмос» басшысы Игорь Комаров осы жылдың 16 мамырында болған апаттан кейінгі «Протонның» алғашқы ұшуы тамыз айына жоспарланғанын мәлімдеген еді, алайда қай күн екенін нақтыламады.
РФ вице-премьері Дмитрий Рогозиннің айтуына қарағанда, зымыран-тасығыш қозғалтқыштарының бұрыннан келе жатқан «конструктивті ауруы» мексикалық жер серігі бар «Протонның» апатқа ұшыруына әкеп соққан болатын.