ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ИНСТИТУТТАРЫМЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТА ЖҰМЫС ЖАСАУДА
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен халықаралық банк қаржыландыратын жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.
Осы жиында аймақ халқының өмір сапасын жақсартатын әрі әлеуметтік маңызы зор бірқатар жобаларды облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Әбдіқалықов баяндап берді.
Жалпы, Еуропалық қайта құру және даму банкі облыс орталығын су бұру және сумен қамтамасыз ету, электр және жылумен жабдықтау жұмысын қаржыландыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, аталмыш басқарма басшысының айтуынша, өндірісті жетілдіру аймағымыздың экологиялық жағдайын жақсартпақ. Бұған қоса, облыс орталығында қоғамдық көліктің қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі жоба жүзеге асырылып жатыр. Осы жоба шеңберінде экологиялық тұрғыдан таза жағармаймен жүретін соңғы үлгідегі 30 автобус сатып алынды. Тамыз айында тағы 40 автобус өңірге жеткізілетін болады. Ал 42 автобусты әкелуге байланысты жұмыстар жалғасады.
Қазіргі таңда аталған қаржы институтымен жаңа электр үнемдеу технологияларын қолдану арқылы облыс орталығын жарықтандыру жобасы әзірлену үстінде.
Айта кетейік, бұл халықаралық банкпен цемент зауыты, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауытын салу және облыс орталығына автовокзал салу секілді жобаларды жүзеге асыру жайы да пысықталуда. Жалпы алғанда, бүгінгі күні ЕҚҚДБ қатысуымен құны шамамен 60 млрд. теңге болатын 8 жоба іске асырылып жатыр.