ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА ЖАУЫН ЖАУЫП, НАЙЗАҒАЙ ОЙНАЙДЫ
Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде жауын жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады, солтүстік пен шығыста кей жерлерде бұршақ жауады, ал еліміздің қалған аумағында күн ашық болады, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы, таңертең және күндіз Қостанай облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Солтүстік Қазақстан өңірінде кей жерлерде жел соғып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе өңірлерінде аптап ыстық болады.
Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан өңірлерінің кей бөліктерінде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.