BEELINE СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ЖӘРДЕМ БЕРУ ҮШІН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ SMS-НАУҚАНЫН БАСТАДЫ
Beeline Қазақстан су тасқынынан зардап шеккен Алматы қаласының тұрғындарына жәрдем беру үшін, қайырымдылық SMS-науқанының басталғанын хабарлайды.
Науқанға қатысуды қалайтын әр Beeline абоненті 911 қысқа нөміріне шексіз SMS жолдай алады. Бір хабарламаның құны 200 теңге. Науқан барысында жиналған барлық қаражат «Қазақстан Республикасының Жарты Ай Қоғамы» Қоғамдық Бірлестігінің шотына аударылады, төлемнің мақсаты: «Алматы қаласы Науырызбай ауданындағы су тасқынының салдарын жоюға арналған қайыр».
«911 нөмірі 2010 жылы Алматы облысы Қызылағаш ауылындағы су тасқынынан зардап шеккендерге қаражат жинау үшін ашылған болатын. Содан соң абоненттер қайырымдылық sms-тері арқылы Батыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы отандастарына қол ұшын созды. Мобильді байланыс технологиясы қайырымдылық рәсімін айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді, осы жолы да Beeline шеттеп қала алмады. Компания су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға азық-түліктерді жинауды және жіберуді ұйымдастырды», - деп Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметінің директоры Алексей Бендзь өз ойын білдірді.
«Дәстүрлі түрде қолдау көрсеткені үшін Beeline Қазақстан компаниясына алғысымызды білдіреміз және қазақстандықтарды сырт қалмауға шақырамыз. Сіздің қаржылық қолдауыңыз су тасқынынан зардап шеккендерге толыққанды арнаулы көмек көрсетуді ұйымдастыруға айтарлықтай үлес қосады», - деп «ҚР Жарты Ай Қоғамы» Қоғамдық бірлестігінің президенті Еркебек Арғымбаев өз пікрін білдірді.
SMS арқылы көмек көрсетуден бөлек, «ҚР Жарты Ай Қоғамы» Қоғамдық бірлестігінің шотына ақша аударуға болады:
БСН 961240004229
Қазкоммерцбанк АҚ
IBAN KZ029261802167099000 (теңге)
БИК KZKOKZKX
КБе – 18
КНП -119
Сондай-ақ WWW.REDCRESCENT.KZ сайтында да қайырымдылық жасауға болады.
Қаражаттың түсуі мен мақсатты шығындар туралы есеп, аталған сайтта және әлеуметтік желілерде тұрақты түрде жарияланатын болады.