Ж.АЙТЖАНОВА: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДСҰ-ҒА ӨТУ ШАРТТАРЫН РАТИФИКАЦИЯЛАУЫМЫЗ ҚАЖЕТ
ҚР Парламенті еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына өту шарттарын ратификациялағаннан кейін ұйымға толыққанды мүше боламыз. Бұл туралы қазақстандық БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі Жанар Айтжанова мәлім етті.
«Еліміздің Президенті Дүниежүзілік сауда ұйымы Бас кеңесінің отырысында Қазақстанның аталған ұйымға өтуі жөніндегі кепілдеме хаттамаға қол қойды. Енді біз елде сол хаттаманы және Қазақстанның ДСҰ-ға өту шарттарын ратификациялауымыз қажет. Әрине, келіссөздердің ұзақтығы мен күрделілігі еліміздің ұлттық экономикасының басымдықты салаларын қорғау үшін орын алды. Біздің заңдарымызды әрі экономикалық саясатта жүргізіп жатқан тетіктерімізді ДСҰ шарттарымен сәйкестендіру бойынша жұмыс жасалды», деп атап өтті Ж.Айтжанова.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанды қоспағанда ұйымға мүше 161 мемлекет бірыңғай сауда шарттарымен, бірыңғай сауда заңдарымен жұмыс істеуде.
«Сондықтан ДСҰ-ға кіруіміз біздің экономикамыздың ары қарай дамуы, басқа елдердің экономикасымен тепе-тең қабылдануы үшін өте қажетті де мазмұнды қадам болды. Бұл жайында біздің президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та ДСҰ-ның бас кеңесі отырысында айтқан болатын», - деді ол.
Айта кетейік, кеше Дүниежүзілік сауда ұйымы бас кеңесінің отырысының қорытындысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ДСҰ бас директоры Роберто Азеведо Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы туралы хаттамаға қол қойған еді.