КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫ ҚҰРУ ТАЛАПТАРЫНА ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ
Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, тәртіптік кеңес төрағасы Марат Оразәлінің, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактиикасы басқармасының басшысы Берікбол Байхожаевтың және мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің басшысы Ғалымжан Ілікбаевтың қатысуымен баспасөз брифингі өтті.
Шара «100 нақты қадам» - Қазақстан Республикасы дамыған мемлекеттердің одағына кіру жөніндегі жоспарының бірінші 15 қадамы «Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру» тақырыбына арналды. Бірінші болып сөз алған М.Оразәлі мемлекеттік қызмет құндылықтары, мемқызметке алғаш рет қабылданушылар үшін қойылатын талап-міндеттер жайлы айтып өтті. Оның айтуынша, мемлекеттiк қызметте енгiзiлетiн мансаптық жүйе мемлекеттiк қызметшiлердiң әлеуетiнiң дамуына ықпал етеді.
«Мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне көшу аясында мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушылар өздерінің кәсіби қызметтерін тек төменгі қызметтерден бастайтын болады. Бұл үшін олар заңнамалықтарды білу мен құзіреттілігі бойынша тестілеуден өтіп, комиссиялық сұхбат, сондай-ақ бейіндік білімдері бойынша мемлекеттік органдарда әңгімелесуден өтуі қажет», - деп толықтырды Марат Оразәлі.
Айта кетейік, облыс бойынша мемлекеттік қызметшілердің штат саны 3760 болса, оның 7-і саяси, 14-і «А» корпусты, ал 3739-ы «В» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері. Қазіргі күні аймақта 381 мемлекеттік орган жұмыс атқарып отыр. Оның ішінде жергілікті бюджеттен 301-і, республикалық бюджеттен 80-і қаржыландырылады.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА