БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДА «БЕЙБІТШІЛІК КӨГЕРШІНДЕРІ» МҮСІНІ ОРНАТЫЛУДА
Байқоңыр қаласындағы Королева даңғылында таяуда «Бейбітшілік көгершіндері» жаңа композициясы пайда болады. Оны орнатуға Қазақстан Халық банкінің филиалы бастамашылық еткен. Бұл туралы kazcosmos.gov.kz сайты жазды.
«Банкирлер эскиздік жобасын өздері жасады. Оны қала басшысымен келісісті. Әкімшіліктің сәулет және қала құрылысы бөлімінде бекітті. Мүсін композициясын Жезқазғандық мүсінші Аман Меңдібаев жасады», – деді Байқоңыр қаласының бас сәулетшісі Мәлік Мұталиев.
Королева даңғылының жүргіншілер аумағының орталығына орнатыла бастаған «Бейбітшілік көгершіні» композициясы кесілген пирамида, ғаламшар түріндегі шар, төрт адам (ер адам, әйел, ұл мен қыз) және қалықтап жүрген жеті көгершіннен тұрады. Мүсін композициясының биіктігі 5 метрге жуық.