БАЛАБАҚШАҒА ТІРКЕЛУГЕ ӨТІНІШТІ WWW.EGOV.KZ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ БЕРУГЕ БОЛАДЫ
Баланы балабақшаға тіркеу қиын деп қиналатынбыз. Енді балабақшаға тіркелуге өтінішті Халыққа қызмет көрсету орталығына барып өзіне-өзі қызмет көрсету секторы немесе Мобильді қосымша eGov.kz, www.egov.kz порталы арқылы беруге болады. Жас аналар мен әкелер үшін кезекке онлайн қою тәсілі қолайлы, себебі бұл үйден шықпай-ақ жүзеге асырылады.
Балабақшаға бірінші кезекті алу құқығына:
мүгедектердің балалары;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
жетім балалар;
көпбалалы отбасының балалары;
жеңілдіктер және кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар және соғыс мүгедектеріне теңестірілген тұлғалардың балалары ие болады.
Ескере кететін жайт, портал арқылы қызметті алу уақытында тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы қажет.
Ал, ХҚКО арқылы қызметті алу үшін:
• белгіленген нысандағы өтініш;
• ата-аналардың бірінің немесе заңды өкілдерінің жеке басты куәландыратын құжаты;
• баланың мекен-жай парағы немесе қызметті алушының тұрғылықты жерін растайтын өзге де құжат ұсынуы қажет. Құжаттар тексеру үшін көшірмелерде және түпнұсқаларда ұсынылады, осыдан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады.
Баланы балабақшаға кезекке қою барысында түсінбеушіліктер туындаған жағдайда бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефонына қоңырау шалуға болады. Қоңырау шалу тегін.
Қызылорда қаласының №1 бөлімі