ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ
Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде Қызылорда облыстық әкімдігінде Біріккен Ұлттар Ұйымы, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министірлігі және Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен «Экономикалық, әлеуметтік және қоршаған ортаны қорғауда инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы Қызылорда облысының тұрғындарының, соның ішінде осал топтар өкілдерінің әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсарту» бірлескен бағдарламасы аясында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржы-экономикалық негіздері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Аталмыш семинар-кеңестің негізгі басты мақсаты 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының негізгі ережелерін ауылдық округ әкімдеріне түсіндіру болып табылды.
Алдағы уақытта әкімдердің рөлін көтеру, сонымен қатар, Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі іс-шаралардың орындалуына баса назар аударылды.
Семинар-кеңес барысында ауылдық округ әкімдерімен, жергілікті биліктің қолма-қол ақша шоттарын бақылау, кіріс бөлігін қалыптастыру және қолдау, шот жабу және ашу мәселелері талқыланды. Сондай ақ, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асырудың бірінші кезеңіне шолу, жергілікті халықтың жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуын қамтамасыз ету механизмі мәселелері талқыланды.
Семинар-кеңеске Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Годунова, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту басқармасының бас сарапшысы Е.Погарелова, БҰҰ-ның бірлескен жобасының Қызылорда облысы бойынша менеджері Б.Егізбаева, «Экономикалық зерттеулер, бағалау және мониторинг орталығы» Қоғамдық қорының сарапшысы Ш.Айтенова жоғарыда аталған тақырыпта өз баяндамаларын барлық ауылдық округ әкімдеріне оқып, шешімін таппай жүрген мәселелерге өз жауаптарын ұсынды.
Сонымен қатар, өткізілген семинар-кеңес өз кезегінде облыс үшін жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту перспективаларын талқылауға көмегін тигізді.
Жалпы, қорыта келе семинар-кеңеске қатысушылар Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қызылорда облысы әкімдігі арасындағы біріккен бағдарламаның аймақтық дамуына ауқымды үлес қосатындығын атап өтті.