ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ КҮН КҮРКІРЕП, ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ
Қазақстанның солтүстігі, шығысы мен орталығында ауа райы құбылмалы болады деп болжанып отыр, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, солтүстікте кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, жел күшейеді, еліміздің қалған аумағында күн ашық болады. Солтүстікте және солтүстік батыста түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі деп болжануда.
Алматы, Павлодар, күндіз Қарағанды, Ақмола облыстарында кей жерлерде күн күркіреп, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Алматы облысында шаңды дауыл тұрады. Қостанай облысында кей жерлерде найзағай ойнап, түнде кей жерлерде тұман түседі, таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Павлодар облысының кей жерлерінде күн күркіреп, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең – тұман.
Күндіз Жамбыл, Атырау облыстарында, Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.
Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Оңтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталады.