«ҚХА-20 ЖЫЛ: БІРТЕКТІЛІК ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ОТЫРЫСЫ
Қазақстан халқы Қызылорда облыстық ассамблеясы хатшылығының ұйымдастыруымен ү.ж 24 шілдесінде облыстық Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында «ҚХА-20 ЖЫЛ: БІРТЕКТІЛІК ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Мемлекет басшысының «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: Бес институттық реформа» атты құжатының «Біртектілік пен бірлік» төртінші институционалдық реформасының Ұлт жоспары - 100 қадамды талқылау мен жүзеге асыру мақсатындағы шараға ғалымдар, зиялы қауым, этномәдени бірлестік өкілдері, облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшелері, үкіметтік емес ұйым жетекшілері мен белсенділері қатысты.
Дөңгелек үстел отырысын ашып берген Қазақстан халқы Қызылорда облыстық хатшылығының басшысы Л.Б.Төрешова біртектілік пен бірлік бойынша, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 5 институционалдық реформасының маңызы мен міндетін баса айтты.
Қатысушылар көпэтносты мемлекеттің негізгі тетігіне айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының нығайтушы мәніне, Ұлт жоспарына ерекше тоқтап, тақырып бойынша өз ойлары мен ұсыныстарын жеткізді.
«Қазақстандағы орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының директоры В.П.Толоконников «Үлкен Ел – Үлкен отбасы» жобасы және қазақстандықтардың біртектілігінің қалыптасуына тоқталса, «Сыр Медиа» жанындағы Ақпараттық-талдау орталығының басшысы, облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшесі, саяси ғылымдарының кандидаты С.Е.Сахиев «Менің Елім» ұлттық жобасының негіздері мен басым бағыттарына, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-ң «Ақпараттық жүйелер және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты Қ.Қ.Дәуренбеков қазақстандық біртектілік идеяларын жүзеге асырудағы әлеуметтік желілердің рөліне, Қызылорда локомотив депосы машинисінің көмекшісі Г.Г.Щиповских еліміздің өсіп-өркендеуіндегі жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандық иелерінің үлесіне қатысты өз-ой пікірлерін білдірді.
Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Байқадамов әлеуметтік желілерге байланысты өз ойымен бөлісті.