ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА «100 НАҚТЫ ҚАДАМ» ҰЛТ ЖОСПАРЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ
2015 жылғы 23 шілдеде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің «Facebook.com» әлеуметтік желісінде орналасқан парақшасында Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы Марат Оразәлімен ҚР Президенті «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы, ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы және бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі "100 нақты қадамды" Ұлт жоспарын түсіндіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызметке қатысты мәселелер бойынша «онлайн» режимдегі интернет-конференция өткізілді.
Өткізілген интернет-конференция барысында облыс тұрғындары және «Facebook.com» әлеуметтік желісін қолданушылар тарапынан мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша сұрақтар келіп түсіп, оларға тиісті және толық жауаптар берілді.
Толығырақ: https://www.facebook.com/profile.php?id=100008872780420