Қ.КӨШЕРБАЕВ: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНА МҮШЕЛІК БІЗДІҢ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТАУАРАЙНАЛЫМЫНА АЙТАРЛЫҚТАЙ ӘСЕРІН ТИГІЗЕДІ
Президенттің бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі «Ұлт жоспары – 100 қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» стратегиясы мемлекетіміз бен экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жасалды, деп санайды Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев. Облыстық маслихат депутаттары алдындағы есепті кездесуінде аймақ басшысы заманауи реформалар мен Қазақстан жетістіктері туралы өз ойын ортаға салды.
«Президент «интеграциялық үрдістер, әсіресе Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шекаралы нарықтарға-Ресей, Орталық Азия, Қытай, Индия және Иранға шығу бағытында мақсатты жұмыстар жүргізу жөнінде» тапсырма берді.
Біздің ортақ міндетіміз – елімізде жүзеге асырылып жатырған өзгерістердің ағынында болып қана қоймай, бастамасында болуымыз керек»,- деді Қ.Көшербаев.
«Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүшелік біздің кәсіпорындардың шетелдік нарыққа еркін шығуын қамтамасыз етеді. Ал тұтынушылар үшін мол тауар мен қызмет түрлерінің кіруіне есік ашады,- деп атап өтті аймақ басшысы - Ағымдағы жылғы 22 маусым күні Женевада Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі туралы құжаттың ережелері мақұлданды. Әрине, бұл Қазақстан үшін тарихи оқиға екені сөзсіз. Әлемнің ірі экономистері Қазақстанды инвестициялық климаты қолайлы, халықаралық құқыққа сай сауда саясатын жүргізіп отырған мемлекет ретінде мойындады».
«Алайда, қабылданатын шаралар халықаралық ережеге сай болуы тиіс. Енді қазақстандық кәсіпорындарға Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде емес өзге де елдермен, Дүниежүзілік Сауда Ұйымы көлемінде де бәсекеге түсуіне тура келеді. Сондықтан біздің тауар өндірушілер әлемдік деңгейге көтерілуге ұмтылуы керек. Басқа жол жоқ! Бұл бағытта жергілікті атқарушы билік те, депутаттар корпусы да, «Нұр Отан» партиялық активі де және қоғамдық бірлестіктер де нәтижелі жұмыс істеуге тиісті. Біз, елімізбен бірге бәсекеге қабілетті болуымыз керек. Тіпті алдыңғы қатарда жүруге тиіспіз», - деді сөз соңында Қырымбек Көшербаев.