ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНІҢ АЛҒАШҚЫ НЫСАНЫ ҚАЗАН АЙЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Экспо-2017 халықаралық көрмесінің алғашқы нысаны қазан айында пайдалануға беріледі. Атап айтқанда , «АДС компаниясы» солардың алғашқысы болып ЭКСПО-2017 көрмесінің ең негізгі нысанын биыл тапсырайын деп отыр, деп жазады elarna.com.
Компания президенті Нұржеке Ахмедиевтің айтуынша, олар үйлестіру кеңсесінің құрылысымен қатар, тағы да екі нысан құрылысына жауапты. Екінші нысан көрме шерулері дайындалатын ғимарат, онда ішкі істер бөлімі мен ЭКСПО-2017 орынжайы орналасады.
Көрмені үйлестіру кеңсесінің жобалық-сметалық құны шамамен 14-16 миллиард теңге.
Компания аталған нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстарына өткен жылдың тамыз айында, кірісіпті. Бұл ғимараттардың барлығында кеңселер орналасады.
«Бұл орталық көрменің жүрегі деуге болады. Себебі көрмедегі барлық мәліметтер осы орталыққа келіп түседі де, ақпараттар легі осындағы монитор мен камералар арқылы көрсетіледі. Бұл орталық мамандарына көрме барысы туралы мониторинг жүргізіп отыруға мүмкіндік береді. Макет залы, конференц-зал, қарау алаңы және басқа да орынжайлар да осы көрмені үйлестіру орталығынан орын тебеді. Мұнда әрқайсысы 3 киловаттан тұратын 9 желгенератор болады.
Осы желгенераторлардан шыққан энергия көрмені үйлестіру кеңсесінің ғимаратына беріледі. Сонымен бірге осы ғимараттың айналасында геотермиялық скважиналар бұрғыланып жатыр. Бұл скважиналар жер энергиясын алуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда жоба бойынша тереңдігі 130 метрге кететін 85 скважинаның 33-і бұрғыланды. Осы мақсатқа қажетті деген технологиялық қондырғылардың барлығы жеткізілген», - дейді Нұржеке Ахмедиев.
Аталған құрылыс алаңында 495 адам еңбек етіп жатыр.
Жұмыс атаулы белгіленген кестеге сай жүргізіліп жатқандықтан, бүгінге дейін шатырдан өтетін инженерлік коммуникацияның 95 пайызы монтаждалып болған. Нысан құрылысы 68-70 пайызға дайын деуге негіз бар.