«ПОСТФАКТУМ» КЕДЕНДІК ТАЗАРТУ РЕЖИМІНЕ ЕНЕТІН ТАУАРЛАР ТІЗІМІ КЕҢЕЙТІЛУІ МҮМКІН
«Постфактум» кедендік тазарту режиміне енетін тауарлар тізімі кеңейтілуі мүмкін, деп жазады kazakh-tv.kz.
Мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы Қайрат Таңқыбаев осылай деп мәлімдеді. Атап айтсақ - көлік құрастыру, металлургия, мұнай, химия, ауылшаруашылық, азық түлік өнімдерін Қазақстан аумағына декларациясыз енгізу ұсынылып отыр. Дегенмен импорт шекарадан кедергісіз өтіп, ел нарығында айналымға енгеннен кейін келесі айдың 10-на дейін декларация тапсырылуы керек. Бұл тек Еуразиялық экономикалық кеңістіктегі елдерден кіретін тауарларға қатысты болмақ. Бүгінде аталмыш толықтыру Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына жіберілді. Жаңа ереже келер жылдан бастап күшіне енеді.
- Әкелу туралы, шығарушы ел туралы құжаттар, тауарларды 4 деңгейде код санатында көрсету, және кедендік төлемдер мен баждарды төлеу туралы кепілдік берген жағдайда осындай жеңілдетілген режимді қолдана алады, - дейді ҚР қаржы министірлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы Қайрат Таңқыбаев.