ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА КҮН РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Қазақстанның басым аумағында күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде өткінші жауын жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысы мен шығысында күн жауын-шашынсыз. Ал еліміздің солтүстігі мен оңтүстік-батысында кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола, Жамбыл, таңертең және күндіз Қостанай, күндіз Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау өңірлерінде түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде. Күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, сондай-ақ Алматы, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы өңірлерінің басым аумағында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей бөліктерінде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.