ҚАЗАҚСТАН АЙЫМБЕТОВТІҢ ХҒС-ДА ҰШУ ҚҰНЫН ТӨЛЕЙДІ – РОСКОСМОС
Қазақстандық тарап өзінің ғарышкері Айдын Айымбетовтың халықаралық ғарыш станциясында ұшуына қыркүйек айында төлем жасайды. Бұл туралы "Роскосмос" басшысы Игорь Комаров Байқоңыр ғарыш айлағындағы баспасөз мәслихатында тілшілерге айтып берді, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".
"Ұшуды қазақ тарапы өзіне алады. Біз ешқандай мәселе көріп тұрған жоқпыз. ХҒС қатысушылары бұған келісім берді", - деп мәлімдеді Комаров бейсенбі күні.
Комаровтың айтуынша, Айымбетовқа арнайы киім мен ложементтер дайындалып жатыр және "барлығының өз мерзімінде болатынына ешқандай күмән жоқ".