ОМО-ДА ЖАҢА КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ОТА ЖАСАЛУДА
Облыстық медицина орталығында жаңа кардиологиялық ота жасалуда. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаева хабарлады.
Бұл ота жүрекке қойылатын жасанды қондырғы десе болады. Қондырғының көмегімен жүректің кенеттен тоқтап қалуының алдын алып, жүрек науқасы бар жоғары топтағы жандардың өмірін ұзартады.
- Жалпы биылғы жылдың ІІ тоқсанынан бастап, облыстық медицина орталығының хирургтары барлық сала бойынша емдеудің жаңаша түрлерін енгізуде. Жақында ғана бірнеше кезеңге созылған ірі ота жасалды. Онда іріңдеп кеткен аяқты аман сақтап, ұзақ емдеудің нәтижесінде жаңа тері жамау отасын жасады. Науқас өзін жақсы сезінеді, - деді Н.Тұрсынбаева.