ЕЛІМІЗДЕГІ МЕКТЕП ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ
Еліміздегі мектеп оқулықтарының мазмұны жаңартылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi Бiлiм беру және ғылым саласындағы бақылау комитетiнiң төрағасы Саят Нүсiпов мәлім етті. Брифингте өңiрлердегi мектептердiң оқу жылына дайындығы туралы мәселе қаралған болатын.
«Біздің еліміздегі мектептерде барлық оқулықтар әрбiр төрт жыл сайын қайта басылады. 2012 жылы қабылданған ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес, қазіргі таңда 2,3,4,5,6,9,10,11 сыныптарға арналған оқулықтардың мазмұны жаңартылған. 2016-2017 оқу жылдарында 7 сыныптың оқу құралдарының мазмұны толығымен жаңартылады. Осылайша, 2012 жылы қабылданған стандарттар арқылы оқулықтар мазмұны толықтай жаңартылады», - деді С.Нүсіпов.
Оның айтуынша, оқулықтарды тексерумен айналысатын республикалық комиссия аясында 20 пәндік комиссия құрылған. Ал пәндік комиссия жетекшісі республикалық комиссия құрамына енеді, сосын ол республикалық комиссия алдында тікелей жауапты болып, комиссия алдында сараптаманың сапалы жасалғанын қорғайтын болады.
«Егер бұған дейін республикалық комиссия құрамы 44 адамнан тұрғанымен (мемлекеттік орган басшылары, мәслихат мүшлері, республикалық қоғамдық бірлестіктер өкілдері, сарапшылар), ішкі сараптамалық топ болмаған еді. Сондықтан да, оның тиімділігі болмаған. Енді жағдайды өзгертуге барлық мүмкіндік бар», - деді С.Нүсіпов.