ОБЛЫСТА ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ АЛҒАШҚЫ БЕСЖЫЛДЫҒЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Қызылорда облысында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында соңғы бес жылда жалпы құны 82 млрд болатын 17 жоба іске асып, мыңнан аса жа жұмыс орындары ашылған. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Мұрат Имандосов хабарлады.
Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың 6 айында облыс бойынша 6,8 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Сондай-ақ, М.Имандосов жұмысы тоқтап, тоқырап тұрған 2 жоба бойынша мәлімдеме жасады. Олар - «Алтын балық-008» ЖШС-ның қамыстан құрылысқа қажетті материалдар жасау цехы мен кәсібін ірі қара мал өсіру-бордақылау бағытына ауыстырған сүт өнімдерін өндіретін «Шөгірлі» шаруа қожалығы.