ҚЫЗЫЛОРДАДА ФЕРРОҚОРЫТПА ЗАУЫТЫНЫҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Қызылорда ферроқорытпа зауыты болаттай берік әрі сапалы өнім шығармақ. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреевтің төрағалығымен «Кешенді қорытпа шығаратын ферроқорытпа зауытының құрылысы» жобасының қоршаған ортаға әсер етуінің алдын ала бағалау жайында қоғамдық тыңдауында айтылды.
Бүгінгі күні «Байқоңыр» ӘКК «Қуаттылығы 162 мың тонна төмен алюминийлі ферросилиций шығаратын ферроқорытпа зауыты» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін дайындады. Осыған орай, жергілікті ғалымдар мен республикалық ұлттық орталықтан мамандар шақырылып қоғамдық тыңдау өткізілді. Мәжілісте мамандар жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің басты көрсеткіштеріне арнайы тоқталып өтті.
Жобаға атсалысып жатқан «ҚР минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу Ұлттық орталығы» директорының орынбасары Мыңжасар Айсауытов, «Қызылорда зауыты өнім берген кезде өте сапалы болат қорытпасын береді. Өйткені құрамында 0,2 пайыз ғана құрайтын алюминий, болат темірдің жоғары сапасына айналады. Қазіргі кезде мұндай жоғары сапалы болатты еліміз Франциядан алып жатыр», - дейді.
Ғалымдардың айтуынша, дала қосында қалған күріш сабағы да көп кәдеге жарайды екен. Яғни, өңделген сабаннан кремний көмірқышқылы мен алюминийдің аз мөлшері шығады. Ал егер өндіріске салса таза ферросилицийге қол жеткізуге болады.
Қоғамдық тыңдау қорытындысымен «Ферроқорытпа зауыты» жобасы бойынша қоршаған ортаға әсер етуінің алдын ала бағалауының нәтижесі бойынша хаттамаға қол қойылды.
Зауыт салынып, іске қосылған жағдайда мұнда 700-ге жуық адам жұмыс жасайтын болады. Бүгінде «Ферроқорытпа зауыты» жоба¬сының техникалық-экономикалық негіздемесі дайын. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, жыл соңына дейін мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, құрылыс жұмыстары басталмақшы. Кәсіпорын құрылысы үшін бұрынғы ЦКЗ орнынан және Қызылорда ТЭЦ-не қарасты аймақтан 50 га жер учаскесі берілді.