ТҰЗДЫ ТОПЫРАҚҚА БЕЙІМ ЖОҢЫШҚА ЕГІЛЕ БАСТАДЫ
Сырбойылық агроғалымдар жоңышқаның жаңа сорттарын өндіріске енгізуде. «Түркістан-15» және «Приаральский-19» деп атау берілген тұқым өңірге тән тұзды топыраққа бейім және пісу мерзімі қысқа.
Бұған дейін 70 жылдай «Жетісу» жоңышқасын егіп келген аймақ шаруалары әр гектардан 400 центнердей өнім алса, енді жаңа сорттардан 100 келіге дейін артық жиналады деп күтілуде. Ғылыми тұрғыдан әзірленуіне 10 жылдай уақыт кеткен «Түркістан-15» және «Приаральский-19» өскіндерінің сабағы бір жарым метрге жетіп, құрағы қаулап өседі. Ең басты артықшылығы, көктем мен күздің аралығында 4 рет орылады. Мемлекеттік сынақтан өткен ауыл шаруашылығы дақылдары қатарында «Жадыра-21» атты жүгерінің де жаңа сорты бар.
Өмірзақ Аймұхамбетов,
«Қазақ күріш» ҒЗИ-дің жетекші ғылыми қызметкері:
- Бізден шығып жатқан сорт егуге рұқсат етілген, мемлекеттік сынақтан өткен. Қазіргі мақсат – «Түркістан-15» тұқымын көбейтіп, көлемін біртіндеп көбейту. Жоңышқадан кәдімгі сорт қалыптастыру, көбейту питомнигі, супер элита сынды сатылардан өту жоспарда бар.
khabar.kz