АЙДЫН АЙЫМБЕТОВ ҒАРЫШҚА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУЫ МЕН БАЛАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫҒЫН АЛЫП БАРАДЫ
Ғарышқа екінші бортинженер ретінде аттанатын қазақстандық Айдын Айымбетов экипаж мүшелерімен бірге Мәскеуде соңғы әзірліктерін пысықтап жатыр, деп жазады nur.kz.
"Айдын бұған дейін де дайындықтан өткен. Сондықтан бәрін біледі. Оның тапсырмаларды орындау барысын есінде жақсы сақтағаны қазіргі іс-әрекетінен-ақ көрініп тұр”, – дейді ғарышкерлерді дайындау орталығының бас маманы Игорь Сухоруков.
Айдын Айымбетов бұл сәтті аз уақыт күткен жоқ. Дайындығын шыңдауға 12 жыл жұмсады. Көрген-білгенін шәкірттеріне де үйрете жүрді. Журналистерге берген сұхбатында ол ғарышқа өзімен бірге ала кететін заттарын да атап өтті.
"Ғарышқа өзіммен бірге өзіміздің туды алып барам деп отырмын және кенже қызымның өтініші бойынша оның ұсынған ойыншығын ала кетемін”,- деді ол.
Айта кетейік, біздің ғарышкер британдық әнші Сара Брайтманның орынына ұшады. Ал ғарыш сапары алдағы қыркүйек айының бірінші жұлдызына белгіленген. Экипаж мүшелері ашық кеңістікте тура 10 күн болады.