АЙМАҚТА ҚЫЗМЕТ IСТЕЙТІН «БОЛАШАҚТЫҚТАРДЫҢ» ЕҢБЕКПЕН ӨТЕУ ТАЛАБЫ ҚЫСҚАРАДЫ
Аймақтарда қызмет iстеуге ниет бiлдiрген «Болашақ» бағдарламасының түлектерiне бесжылдық еңбекпен өтеу талабы қысқартылатын болады. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институтының басшысы, сарапшы «Болашақ» стипендияты Саясат Нұрбек мәлiм еттi, деп жазады Қазақпарат.
«Ұлттық комиссия тарапынан болашақтықтарға ынталандыру жүйелерi арқылы аймақтарға дарынды мамандарды мемлекеттiк басқару жүйесiне тарту мүмкiндiгi берiлген. Көпке белгілі, «Болашақ» түлектерi Қазақстанда бес жыл бойы өз мамандықтары бойынша қызмет iстеуi керек. Егер ол аймақтың мемлекеттiк басқару жүйесiне, жергiлiктi әкiмдiктерге тұратын болса, онда ол талаптың уақыты қысқарады», - дедi Саясат Нұрбек.
Дегенмен, оның ойынша, «Болашақ» түлектерiнiң басым бөлiгiн мемлекеттiк қызметке тарту қажет емес.
«Егер ол түлектердiң барлығын мемлекеттiк қызметке тұруға мәжбүрлейтiн болсақ, қате қадам жасаймыз. «Болашақтықтар мемлекеттiк ақшаға бiлiм алды, ендi олар неге мемлекеттiк қызметте жұмыстарын iстемейдi» деген сындар айтылып жатыр. Себебi мамандықтары мен білім алған ЖОО-ларды алатын болсақ, олардың басым бөлiгiн мемлекеттiк қызметке пайдалануға келiңкiремейдi.
«Болашақ» бағдарламасының басты мақсаты о баста сирек мамандықтар, әсiресе инженерлiк мамандықтар бойынша жастарды оқыту болған. Техникалық бiлiмдi мемлекеттiк қызметте пайдалану дұрыс емес. Сондықтан, олар басқа салаларда еңбек етуде», - деп атап өттi сарапшы.
Оның мәлiметтерiне қарағанда, бүгiнде 319 «Болашақ» түлегi мемлекеттiк қызметте еңбек етiп жүр.