ТАСБӨГЕТ КЕНТІ АУМАҒЫНАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАЛАШЫҚ БОЙ КӨТЕРМЕК
Былтыр іргетасы қаланған 6,8 гектар жерді алып жатқан нысан заманауи үлгідегі 4 негізгі бөліктен тұратын балалар ауруханасы 200 адамға арналған. Мамандар ғимараттың инфрақұрылымы жүйелі түрде жолға қойылатындығын айтып отыр, деп жазады Медиа Жұлдыз Қоғамдық Қоры.
Ауруханаға жеке подстанция орнатылып, табиғи газбен жылытылады деп күтілуде. Қажет болса, сұйық отынға ауыстыруға да мүмкіндік бар екен. Сондай-ақ, медициналық орталықтан шыққан қалдықтарды залалсыздандыру мәселесі де назардан тыс қалмаған. Ол үшін арнайы құрылғы қойылады. Онда қалдықтардың көзі жойылғанымен, ауаға зиянды қалдықтар тарамайтын көрінеді.
Бұдан бөлек балаларға арналған спорт және ойын алаңдары салынады.
Ғимарат заманауи талаптарға жауап беріп, ақ халаттылар сапалы, жүйелі қызмет көрсететін болады. 12 бөлімнен құрылатын медициналық нысанда жалпы хирургия бөлімінің, аллерголог, уролог, тіпті күрделі жарақаттарды емдейтін нейротравматолог мамандар жұмыс жасайды деп күтілуде. Қазіргі таңда нысан басы қоршалып, қарқынды құрылыс жүріп жатыр.
Ал келесі жылы желтоқсаннан бастап бұл маң адам танымастай өзгеріп, алғашқы емделушілерін қабылдайды деп күтілуде.