БИЗНЕС ПЕН ТУРИЗМ – ОБЛЫС ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасында «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 54, 57 және 62 қадамдары аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Құрманкүл Датқабекова баяндады.
Қ. Датқабекованың айтуынша, кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау үшін және Бизнес – Обудсмен институтын нығайту мақсатында әр облыста құзырлы тұлғалардың өкілдері болады.
Экономикалық шикізаттық емес салаларындағы орта бизнестің нақты көшбасшысы компанияларын қолдауға бағытталған «Ұлттық чемпиондар» бастамасы қолға алынды. Жеңімпаздар өсу әлеуеті ортадан жоғары, айналымы жылына 2-30 млрд теңгені құрайтын және өз өнімдерін экспорттауды жолға қойған компаниялардың арасынан іріктеу арқылы анықталады.
Сондай-ақ, Роскосмоспен «Байқоңыр» кешенінде туристік инфрақұрылымды дамытуда алдын ала жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстар аясында «Космодром» мұражайын кеңейту, қонақ үй бизнесін дамыту, кадрлар мен «ЭКСПО-2017» еріктілерін дайындау жоспарланған.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА