ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНАН МҰНАЙДЫҢ МОЛ ҚОРЫ ТАБЫЛУЫ МҮМКІН
Қойнауында пайдалы қазбалар қоры жеткілікті болса да, Қызылорда облысында геологиялық барлау жұмыстары 20 жылдан бері жүргізілмеген, деп хабарлайды 24.kz.
Осы бағытта бүгінде жер қыртысын терең зерттеу жұмыстары басталды. Нәтижесінде 4 жоба жасақталып, қазіргі таңда Қармақшы ауданындағы Ақбұлақ ұңғымасы бұрғылануда. Мамандар жер қыртысының төменгі қабатынан мұнайдың мол қоры табылатынынан үмітті. Тіректі-параметрлік ұңғыма тәулік бойы үздіксіз қазылады. 2 ауысым бойынша жұмысқа қабылданған 80 адам бұрғылау жұмыстарын 3 жарым мың метр тереңдікке дейін жүргізеді.
- Қазіргі таңда 353 метр тереңдікке дейін қазып үлгердік. 2 бағана жібердік. Алдағы уақытта ұңғыманы тереңдету жұмыстарын жеделдетуді жоспарлап отырмыз. Осы ұңғыма арқылы біз осы аумақтағы шикізат қоры жайлы нақты мәлімет алатын боламыз, - дейді учаске басшысы Сағадат Аманқосов.
- 3 жарым мың метр жер арнайы зерттеуден өтеді. Бұл жерден тек қана мұнай емес, газ да шығуы мүмкін. Басқа да шикізат түрлері шығуы мүмкін. Сондықтан болашағы зор, - облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев.
Геологиялық-геофизикалық барлау жұмыстары сондай-ақ Сырдария, Шиелі, Жаңақоған аудандарында да жүргізілуде. Әсіресе қарт Қаратаудың қойнауында пайдалы қазба байлығы жетерлік. Бүгінде Ақжар және Дарбаза рудалы кеніштерінде тау-кендік іздеу-бағалау шаралары басталған.
Аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясының басшысы Шәкизат Қалбергенов қазіргі кезде біраз учаскелерде алтын шығып жатқанын айтты. Оған ары қарай жұмыстар жүргізіліп, зерттеп, қорын үлкейту жоспарлануда.
Табылған пайдалы қазбалар облысымызды, экономикамызды ары қарай өркендетуге біраз үлесін қосады деген үміттеміз. Шикізат қорларын анықтаумен бірге облыс аумағындағы жерасты су көздерін тауып, тиімді пайдалану жұмыстары да қатар жүргізілмек. Жалпы бұл мақсатта 5 миллард теңге жұмсалмақ.