НЕМІС КӘСІПКЕРІ «ЭЛЕКТРОНДЫ ИМАМ» ОЙЛАП ТАПТЫ
Германияда The Imam App мобильді қосымшасы пайда болды. Алайда, бұл өнертабыс құбылаға бет бұрған әлемнің барша мұсылмандарына қолжетімді болуы үшін мол қаражат қажет етеді.
«Алғаш намазға жығылғанда араб тілінде сүре, дұға жаттау аздап қиындық туғызды. Бұл қосымшаны осындай қиыншылықтарды жеңілдету мақсатында жасадым», - дейді The Imam App-ті ойлап тапқан неміс кәсіпкері С.Маттиас Менде.
Айта кету керек, Менде 2008 жылы хақ дінді қабылдаған кезде мұсылман жұртшылығына пайдасы мол құрылғы ойлап тапқан еді. Ол құрылғы намаз уақыттарын дәл көрсетіп, құбыла бағытын анықтауға көп көмегін тигізіп, жамағатты бір қуантып тастаған болатын, деп хабарлайды «Нұр Астана» орталық мешітінің ресми сайтында.
«Қазақпарат»