ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ АУА РАЙЫ ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ БОЛАДЫ
Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді, тек батыста, оңтүстік батыста және шығыста күн ашық болады, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, Ақмола, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, күндіз Алматы, Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Қызылорда, Алматы облыстарында шаңды дауыл көтерілді. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі деп болжануда.
Күндіз Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.
Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары аумағының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталады.