20-22 ШІЛДЕДЕ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЕЛ БОЛАДЫ
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығының хабарлауынша, 20-22 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік, солтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с дейін күшейіп, шаңды дауыл күтіледі. Бұл туралы облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.