БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫ ӘКІМШІЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Ресей Федерациясы Президенті мен Қазақстан Республикасы Президентінің бірлескен шешімімен Петренко Анатолий Павлович Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарланған қалалық мэрия сайтында.
А.Петренко 1945 жылы Ставрополь өлкесінің Курганное селосында дүниеге келген. Камышин әскери құрылыс-техникалық училищесін аяқтаған, радиотехник мамандығын алған.
Әскери борышын Орынбор облысында, Ленинград әскери округінде өткерді. Сол уақытта Чкалов атындағы Орынбор пединститутында оқыды. 1989 жылы Байқоңыр ғарыш айлағына жұмыс істеуге ауысты, ғарыштың тәрбие жұмыстары бөлімінде қызмет етті, зымыран-сынақ бөлімінде жетекші болды.
1995 жылы Байқоңыр қаласы әкімшілігіне еңбек етті, ішкі саясат бөлімін басқарып, әкімшілік басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, қала әкімшілігі басшысының орынбасары болды.
Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі, көп жылдық адал еңбегі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Достық орденімен және II дәрежелі «Достық» орденімен, Ресей ғарыш федерациясының «Еңбегі үшін» медалімен марапатталды.