Н.НАЗАРБАЕВ ПЕН В. ПУТИН 16 ҚЫРКҮЙЕКТЕ СОЧИДЕ ӨТЕТІН ӨҢІРАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ XII ФОРУМЫНА ҚАТЫСАДЫ
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалық етуімен Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XII форумын өткізу мәселелері бойынша мәжіліс өтті. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Бұл форум осы жылы 16 қыркүйекте екі ел Президенттері Н.Назарбаев пен В.Путиннің қатысуымен Сочи қаласында өтеді. Шараның басты тақырыбы агроөнеркәсіптік кешен және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық болды.
Форум аясында «агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ресейлік-қазақстандық ынтымақтастық перспективалары» атты мамандандырылған көрме, дөңгелек үстелдер, қазақстандық-ресейлік іскерлік кеңес отырысы, жастар форумын өткізу жоспарлануда.
Мәжіліс қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдарға форумға дайындық бойынша ұсыныстар өңдеуді жеделдетуді тапсырды.