ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛГЕН ТҰРҒЫН ҮЙДІ КӨЛЕМІ 202115 ШАРШЫ МЕТРДІ ҚҰРАДЫ
2015 жылғы қаңтар-маусымда пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 202 115 шаршы метрді құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңіне 166,1%-ды құрады. Бұл туралы Қызылорда облыстық статистика департаменті хабарлады.
2015 жылғы қаңтар-маусымда тұрғын үй құрылысына 9 178 млн. теңге салынды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттың үлесі 11,4 %-ды құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемінің өсуі 2015 жылғы қаңтар-маусымда Шиелі (35,4%-ға), Жалағаш (8,0%-ға), Жаңақорған (6,3%-ға), Сырдария (5,5%-ға) Қазалы (4,1%-ға) Арал (2,2%-ға), Қармақшы (0,2%-ға) аудандарында байқалды. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңының едәуір үлесі Қызылорда қаласына (64,5%) тиесілі.