БҮГІН ЕЛІМІЗДЕ ӨТКІНШІ ЖАУЫН ЖАУАДЫ
Қазақстанның басым аумағында күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде өткінші жауын жауып, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді, тек республиканың солтүстігі мен шығысында күн ашық болады, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Алматы, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, найзағай жарқылдайды. Қызылорда облысында да желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ті құрайды, шаңды дауыл көтеріледі. Маңғыстау облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел соғып, түнде найзағай ойнайды. Атырау облысының кей бөліктерінде түнде найзағай жарқылдайды, күндіз жел күшейеді. Ақтөбе, түнде Батыс Қазақстан өңірлерінде кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін барады, түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде. Күндіз Алматы, Жамбыл, сондай-ақ Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, күндіз Шығыс Қазақстан өңірінде аптап ыстық болады.
Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл өңірлерінің басым аумағында, сонымен қатар Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.