ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША 20 МЫҢҒА ЖУЫҚ БАЛА ӘКЕЛІК КӨМЕККЕ МҰҚТАЖ
Қызылорда облысы бойынша 20 мыңға жуық бала әкелік көмекке мұқтаж. Оның тек 1258-і ғана өз еріктерімен алимет төлемдерін төлеуде, ал 491 отбасы жауапсыз әкелердің кесірінен алуы тиіс заңды төлемнен шет қалуда. Бұл туралы және үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында департамент қызметкерлерімен атқарылған жұмыс нәтижелерін бүгін облыстық Әділет департаментінің басшысы Балайым Кесебаева «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында мәлім етті.
«Атқарушылық әрекеттерді толық жасаудағы басты қиындық – борышкерлерді табу. Алимент төлемінен жалтарып жүргендердің дені жалған мекен-жайды көрсетеді, ал табылған жағдайдың өзінде олардың мүліктік жағдайының болмауы, жұмыссыздығы сот актілерінің уақытында орындалуына кедергі келтіреді», - деп отыр мамандар.
Дегенмен, жыл басынан бері жүргізілген жұмыс нәтижесінде 130 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында ішкі істер органына 941 ұсыныс жолданған.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА