БАЙҚОҢЫРДА «АССАМБЛЕЯ – ТАТУЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Кеше Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Қорқыт еліи - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына орай ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының мәжіліс залында «Ассамблея – татулықтың негізі» атты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге аудандар мен Байқоңыр қаласының жастары қатысты.
Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар арасында рөлін арттыру, жастар арасында Қазақстан халқының ұлттық бірлігін қамтамасыз ету. Қызылорда облысы мен Байқоңыр қаласы жастарының арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында өткен басқосуды «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Ильясов ашып, жүргізіп отырды.
Дөңгелек үстел барысында ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының бөлім басшысы Е.Жұмағазиев, «Қазақ тілі» қоғамы қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Шағатаев, №6 М.Әуезов атындағы қазақ орта мектебінің қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Алденова есімді аға буын өкілдері ассамблеяның маңыздылығын алға тарта отырып, ассамблеяның мақсаты мен негізгі құндылықтары, қазақ халқының топтастырушы рөлі, Қазақстан халқының азаматтық, рухани – мәдени ортақтығы және Қазақстан халқының ассамблеясының құрылуы жөнінде жастарға айтып өтті.