ҚЫРЫМБЕК КӨШЕРБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «ЖАҚСЫ ІС ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ»
Жақында облыстық маслихат депутттарының кезекті сессиясында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев атқарған жұмыстары жайлы есеп беріп, алдағы міндеттерді сөз етті. Онда Қырымбек Елеуұлы сыр бойы халқының денсаулығы мәселесі тұрғысында келелі ой-пікірлерін ортаға салды. Осы сала бойынша біз аймақ басшысының тұжырымын, алдағы міндеттерін оқырмандарымызға ұсынуды жөн санадық.
– Сыр бойы тұрғындарының денсаулығын жақсартуға және мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сапасы деңгейін көтеруге бағытталған жұмыстар жалғасуда. Біз өткен жылы бекітілген туберкулездің мультирезистк түрімен ауырған адамдарды сауықтыруға ай сайын берілетін әлеуметтік көмекті, сондай-ақ, лейкозбен және апластикалық анемиямен ауыратын балаларды терапиялық қолдау үшін дәрілер алып беру төлемдерін сақтап қалдық.
Сонымен қатар, біз Қызылорда қаласындағы 200 орынға арналған облыстық көпсалалы балалар ауруханасы, Жаңақорған мен Жалағаш кенттеріндегі ауысымына 250 келушіге арналған емхана құрылыстарын жалғастырып жатырмыз. Сексеуіл кентінде ауысымына 100 келушіге арналған емхана мен Түгіскен ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысын бастадық. Қызылорда қаласындағы мейірімділік үйінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, қалалық туберкулез диспансері мен наркодиспансеріне күрделі жөндеу жүргізілуде.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қаңтар-мамыр айларында сәбилер өлімі көрсеткіші 12 пайызға, туберкулезбен ауру 19 пайызға, қатерлі ісікпен ауырып қайтыс болғандар 11 пайызға кеміді. Өкінішке қарай, ана өлімі мәселесі әлі де өзекті күйінде қалуда. Бұл мәселе бойынша өзіміздің және шетелдік мамандармен нақты жұмыстар жүргізудеміз. Біздің дәрігерлер күрделі оталар жасауды жолға қойды (ми-қан тамырларына, омыртқа мен жұлынға, жүрекке ашық ота).
Біздің профилактикалық емдеу мекемелерінің жабдықталу деңгейі өңірлер арасындағы үздіктердің бірі. Осы орайда, кадрларды дайындау үшін ағымдағы жылдың маусым айында облыстық медициналық орталықтың негізінде С.Аспандияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің филиалы ашылды. Мұндағы магистратурада студенттер оқып, дәрігерлер мен кіші медициналық қызметкерлер біліктілігін арттырып, тәжірибеден және интернатурадан өтетін болады. Оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету үшін әрбір айдың бір аптасында Қызылордаға Алматыдан оқытушылар мен профессорлардың келіп тұруы жоспарлануда. Біз дәрігерлер сабақ беретін кафедраларды ашамыз, филиал базасында денсаулық саласы менеджерлерін дайындауды, ғылыми медициналық зерттеулер өткізіп және диссертациялар қорғауды ұйымдастыратын боламыз».