ҚАЗҒАРЫШ БАСШЫСЫ «АЛЕКСЕЙ ЛЕОНОВ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Мәскеу қаласындағы жұмыс сапары аясында Қазғарыш басшысы Талғат Мұсабаев кеңестік «Союз-19» ғарыш кемесі мен американдық «Аполлон» ғарыш кемесі түйісуінің 40 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиынға қатысты, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазғарыш баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған салтанатты шараға «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының, ғарыш саласындағы ресейлік және шетелдік ұйымдар мен кәсіпорындардың өкілдері, таяу және алыс елдердің елшілері, Ресей Федерациясы мемлекеттік органдарының бірінші басшылары мен басқа да құрметті қонақтар қатысты, олардың арасында американдық астронавт Томас Стаффорд та болды.
Халықаралық ғарышнама тарихындағы атаулы оқиғаның қарсаңында Т.Мұсабаев Кемеров облысының губернаторы Аман Төлеев бекіткен «Алексей Леонов» күміс медалімен марапатталды.
Қазғарыш төрағасына осы жоғары награданы мерейтойлық медальдің иесі, аты аңызға айналған ғарышкердің өзі табыстады.
Осындай наградалармен кеңес ғарышкерлері Георгий Гречко мен Алексей Елисеевтер де марапатталды.
«Союз-Аполлон» тәжірибелік жобасы 1970 жылы 26-27 қазанда басталды. Осы уақытта Мәскеуде ұшқыш басқаратын ғарыш кемелерінің жақындасып түйісетін құралдарының сәйкестігі проблемалары бойынша кеңестік және американдық мамандардың алғашқы кездесуі өтті. Екі жылдан соң Мәскеуде ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу мен пайдалану мақсаттарындағы ынтымақтастық туралы КСРО мен АҚШ арасындағы келісімге қол қойылды, онда ашық кеңістікте ғарышкерлердің өзара тәжірибе алмасуы үшін кеңестік «Союз-19» ғарыш кемесі мен американдық «Аполлон» ғарыш кемесінің түйісуі қарастырылған.
1975 жылғы 15 шілде күні 15 сағат 20 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағында ғарышкерлер Алексей Леонов (командир) пен Валерий Кубасов (борт инженері) басқарған «Союз-19» ғарыш кемесі ұшырылды. Жеті жарым сағаттан соң, Канаверал мүйісінен (АҚШ) американдық «Аполлон» ғарыш кемесі ұшып шықты. Экипаждың құрамына американ астронавтары Томас Стаффорд (командир), Дональд Слейтон (ұшқыш) және Вэнс Бранд (түйісуші модульдің ұшқышы) кірді.
17 маусымда кемелер Халықаралық ғарыш станциясының болашақтағы үлгісі іспетті түйіседі. Кемелер өзара түйіскен кезде кемелердің арасында экипаж мүшелері төрт рет тәжірибе алмасты. Ғарышкерлер мен астронавтар одақтастарының кемелеріндегі жабдықтармен танысты, тәжірибе алмасты, бағдарламаға сәйкес ғылыми эксперименттер жүргізді, сондай-ақ Жердегі телевизиялық көрсетілімдерге көп көңіл бөлді. Өмір тіршілігін қамтамасыз ету жүйесін (атап айтқанда, кеме бөліктерінің қысымын сынып бағанынан 520 миллиметрге дейін төмендету) сынау, автоматтық жүйе мен түйісуші агрегаттың жекелеген тораптарын сынау, сондай-ақ орбитада 225 шақырым биіктікте монтаждауды қалыптастыру жұмыстары жүргізілді.
19 шілдеде кемелер түйіседі. Тіркескен жағдайда ұшу кезеңі 43 сағат 25 минут 11 секундқа созылды. Содан кейін кемелер «Союз» кемесінің түйісуші торабын пайдаланып, тағы да қосылды, ал 2 сағат 52 минут 33 секундтан соң соңғы рет түйісу орын алды.