ХРОНОМЕТРАЖДЫҚ ЗЕРТТЕП-ТЕКСЕРУЛЕР ЖАЛҒАСУДА
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тарапынан «Қолма қол түсімдердің толық көрсетілуіне салықтық бақылауды күшейту бойынша іс-шаралар жоспары» бекітіліп, хронометраждық зерттеп-тексеру шаралары республиканың барлық аумақтарында, оның ішінде Қызылорда облысында да 17 маусымнан басталған болатын. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша МКД түсіндіру жұмыс басқармасынан хабарлады.
Басқарма басшысы С.Бабанаевтың айтуынша, тексеру объектілерінің негізін қоғамдық тамақтану орындары (ресторан, барлар), букмекерлік кеңселер, брендті бутиктер құрап, негізгі назар фискальды жады бар бақылау кассалық машиналардың, POS-терминалдардың бар болуы мен нақты жұмыс жасап тұруына аударылды.
«Бүгінгі күнге салық жүктемелеріне талдау жасалу негізінде, және табысы бойынша тапсырылған декларацияларына байланысты, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті камералдық бақылау басқармасы тарапынан 33 салық төлеушілерге хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізілуде. Оның ішінде хронометраждық зерттеп-тексеру аяқталған 22 салық төлеуші бойынша нақты көрсеткіштер анықталды. Яғни, орташа есеппен, олардың 1 күндік табыстары 11 есеге ұлғайтылған. Табыс сомалары 112,7 млн тенгеге көтеріліп, бюджетке қосымша 4,0 млн тенге қаражат есептеліп отыр», - дейді С.Бабанаев.
Сонымен бірге, салық төлеушілердің жалдамалы жұмысшыларының нақты саны 47-ге артқан.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА