ЖЫЛ АЯҒЫНА ДЕЙІН ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ 362,9 МЫҢ ШАРШЫ МЕТРІ ЕНГІЗІЛУІ ЖОСПАРЛАНУДА
Биыл Қызылорда обылысы бойынша 16 мектеп, 2 балабақша, 3 емхана, 9 мәдениет ошақтары мен 3 спорт нысандарының құрылысы аяқталып, халық игілігіне ұсынылады деп күтілуде. Бұл туралы Қызылорда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының орынбасары Майра Әжмағанбетқызы «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында айтты.
Сонымен қатар, жылдың аяғына дейін облыс аумағында тұрғын үйдің 362,9 мың шаршы метрі енгізілуі жоспарлануда. Оның ішінен 8,1 мың шаршы метр баспана кезекте тұрған азаматтарға берілетін болады. Осындай көлемде арендалық тұрғын үйлер мен «несиелі - қайтарымды тұрғын үй» бағдарламасы бойынша 540-пәтерлі 11 үйдің құрылысы аяқталуға жақын.
Жиын барысында Майра Әжмағанбетқызы облыста қабылданған өңірлік бағдарламасы аясында бірқатар шаралардың жүзеге асырылғанын атап өтті. Соңғы үш жылдықта 150-ден аса құрылыс нысандарын салу жоспарланса, оның 61-і 2013 жылы, 52 нысан 2014 жылы аяқталып, 2015 жылдың үлесіне 40 нысан есігін айқара ашпақ.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА