«САРАТС» ЖОБАСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
«САРАТС» алғашқы кезеңі аймақтың экологиялық-әлеуметтік ахуалына әр берді. Енді «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтап қалу» жобасының екінші кезеңі қолға алынбақ, деп хабарлайды «24 кз».
Елбасы бастамасымен жүзеге асқан «ғасыр жобасының» келесі сатысы кіші теңізді кемеріне келтіреді деп күтілуде. «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтап қалу» жобасы шеңберінде салынған көкарал бөгесіні 2006 жылы аяқталды. 13 шақырымдық тоспа кіші теңізді «өлі теңізден» бөліп алды. Осылайша судың деңгейі көтеріліп, тұздылығы төмендеп, балық өрісі жанданды. Енді ел сенімін еселеген «САРАТС» жобасының 2-кезеңі басталатын күн жақын. Оның аясында теңіз тоспасының деңгейін тағы көтеріп, кіші теңіздегі су маржандарының тіршілігіне қолайлы жағдай жасау – басты меже. «САРАТС» жобасының екінші фазасы 8 құрамдас бөліктен тұрады. Бірінші кезекте алғашқы алты сатысын еңсеру көзделген. Олардың қатарында Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеттерін мықтап, Қазалы ауданынан көпір салу жоспарланған. Сондай-ақ Қамыстыбас және Ақшатау көл жүйелерін қалпына келтіру секілді маңызды мәселелер де шешімін табады. «САРАТС-2» жобасы іске асқанда, кіші Арал акваториясы 4645 шаршы метрді құрайды. 63 мың гектар жер суланады. 250 мың гектар жайылымдық, шабындық суланады. Теңіз толысып қана қоймай кенезесі кепкен кебір жерлер нәрленеді. Жайылымдық пен шабындық суланып, аграрлық секторға да серпін береді.
- Бұл жоба жүзеге асқан жағдайда, кіші Арал теңізі Арал қаласына 1 шақырымға жақындап, жылына 30 мың тоннаға дейін балық аулап, мыңдаған тұрғын қосымша жұмыспен қамтамасыз етілетін болады. Осы жылдың аяғына дейін ол шешім қабылданып, 2-фазаның құрылысына кірісеміз деп ойлаймын. Теңізді бөгеген теңдесіз жобаның әлемде баламасы жоқ. Осы құрылыс арқылы теңіз жағалауы Арал қаласына 18 шақырымға жақындады, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Ал егер «САРАТС» жобасының 2-кезеңі жүзеге асқан жағдайда әйгілі айдын байырғы арнасына толықтай оралады деген болжам бар.