«БАЛАПАН» ТЕЛЕАРНАСЫ БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДА ХАБАР ТАРАТА БАСТАДЫ
Отандық бірінші «Балапан» балалар телеарнасы өзінің хабар тарату шектерін кеңейтуде. 6 шілдеден бастап «Балапан» арнасы ерекше қауіпсіздік тәртібімен Байқоңыр қаласында хабар тарата бастады. Халықпен қамтылуы 70 мың адамды құрайды. Хабар тарату «Байқоңыр Байланыс Ақпарат» мемлекеттік унитарлық кәсіпорынның жер үстіндегі аналогтық желісі арқылы іске асырылады.
«Балапан» телеарнасының бағдарламалары 29 телевизиялық арнаның таратқышында сағат 7.30-дан 21.30-ға дейін көрсетіледі.
Естеріңізге сала кетейік, 27 қыркүйек күні бірінші отандық балалар арнасы өзінің 5 жылдығын атап өтпекші. Телеарнаны құру идеясы Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы болатын. Хабар тарату қазақ тілінде жүргізіледі. Телеарна «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының құрамыне кіреді.
Арнаның туған күніне орай көрермендер арасында байқау жарияланды, байқау шарттары бойынша қазақстандық ата-аналар 25 тамызға дейін өз ойларынан құрастырған ертегілерін жолдауларына болады. Ең үздік ертегі желісі бойынша телевизиялық қойылым түсіріліп, кітап шығарылады.
«Балапан» көрермендерге «Отау ТВ» Ұлттық спутниктік телевизия желісі, 78 кабельдік операторлар мен 2 эфирлік хабар таратушылар арқылы жеткізіледі.