ҚҰРЫЛЫСҚА РҰҚСАТ АЛУДЫҢ МЕРЗІМІ МЕН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ НАҚТЫЛАНДЫ
Үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде Еврокодтар жүйесіне негізделген жаңа нормативтік база қалыптастырылды. Осыған орай Қызылорда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының орынбасары Майра Әжмағанбетқызы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында БАҚ өкілдерімен брифинг өткізіп, Елбасымыздың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» институционалды бес реформасы аясында 46, 48, 49 қадамдар бойынша атқарылатын жұмыстардың барысымен таныстырды.
Майра Әжмағанбетқызының айтуынша, енгізілген құрылысқа рұқсат алуды оңтайландырудың үш сатылы («30-20-10») қағидаты халықаралық аренада Қазақстанның рейтингін жақсартуға, отандық бизнес саласын дамытып, кәсіпкерледің бірден дүниежүзілік деңгейдегі нарыққа өтуіне мүмкіндік береді.
«100 нақты қадам аясында басқарма тарапынан «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру», «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру», «Тіреу және қошау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардң үй-жайларын реконструкциялауға, қайта жоспарлауға шешім беру» секілді 3 мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілді. Сонымен қатар, осы қызмет түрлерінің орындалуының нақты мерзімі мен қажетті құжаттардың тізімі де нақтыланды», - деді басқарма басшысы орынбасары өз сөзінде.
Сондай-ақ, 2016 жылдан бастап құрылысқа рұқсат алуды «Бір терезе» қағидаты бойынша ХҚКО бөлімшелерінде рәсімдеуге болады.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА