БИЫЛ МЕККЕГЕ ТІКЕЛЕЙ ӘУЕ РЕЙСТЕРІ АШЫЛАДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен жиналыста отандастырымыз үшін қасиетті Меккеге тікелей рейс ашу туралы мәселе көтерілді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.
Айта кетсек, бүгінгі күнге дейін қажылық парызын өтеуші ел азаматтары Жидда қаласына Түркия, Әбу Даби арқылы жететін. Бұған қоса, әуежайда бірнеше сағат бойы келесі рейсті күтуге тура келетін.
Қазіргі уақытта еліміздің Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан Меккеге таяу орналасқан Жидда шаһарына дейін тікелей рейс ашу мүмкіндігі қарастырылуда. Жиында әуе компаниялары өкілдері осы мәселе бойынша ұсынысты орындауға мүмкіндік мол екенін жеткізді.
«Бұл бастама қажыларымызға қызмет көрсету сапасын арттыру жұмыстарына ықпал етеді. Біріншіден, уақыт үнемделеді, екіншіден, қажылар үшін бұл бастама қолайлы жағдай туғызады», – деді ҚМДБ Қажылық Миссиясының төрағасы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз.
Биыл Қазақстанға Сауд Арабия Корольдігінің Қажылық министрлігі 5000 орын (квота) бөлді.