РОСКОСМОС РЕСЕЙ ҮКІМЕТІНЕН БАЙҚОҢЫРДЫ ДАМЫТУҒА 55 МЛРД РУБЛЬ СҰРАП ОТЫР
Роскосмос 2016-2025 жылдарға арналған Ресей ғарыш айлақтарын дамыту мақсаттық жаңа федералды бағдарламасын іске асыру үшін жергілікті үкіметтен 900 млрд рубль (15,8 млрд доллар) бөлуді сұрады, деген хабар таратты ақпарат агенттіктері ведомстводағы дереккөзге сілтеме жасап.
ТАСС агенттігінің дереккөзі келтірген мәліметтерге сәйкес, Роскосмос айтылған кезеңде Байқоңыр ғарыш айлағының инфрақұрылымын дамыту үшін 55 млрд рубль, Плесецк үшін – 289 млрд рубль және Шығыс ғарыш айлағының құрылысы үшін 566 млрд рубль бөлуді сұраған.
«Тиісті бағдарлама әзірленуде және құзырлы министрліктер мен ведомстволардың келісімін алуы керек», - деген мәліметімен бөлісті Интерфакс агенттігінің дереккөзі.